418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Педагогика мамандықтарына түсу үшін шекті балл көтерілді

  • 331
  • UPD: 11:27, 02.06.2020
Педагогика мамандықтарына түсу үшін шекті балл көтерілді

Биыл педагог мамандығына үміткер түлектерге шекті балл көтерілді.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҰБТ белгіленген мерзімде, яғни, 25 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пункте өткізіледі. Биыл ҰБТ қағидаларына бірнеше жаңашылдық енгіздік. Атап айтқанда, ҰБТ-ға қатысу үшін кіру кезінде бет-әлпетін тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Жылда берілген қағаз сертификаттың орнына ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындау кезіндегі электронды куәлікті енгіздік», – деді министр. Оның атап өтуінше, халықаралық тестілердің балдарын ҰБТ ұпайына аудару шкаласы енгізілген. Сондықтан мұндай халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-дан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына осы ауысқан балдары арқылы қатыса алады.

«Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогика мамандықтарына түсу үшін талап күшейтілуде. Бұл туралы Президенттің тапсырмасы да бар. Мәселен, педагог болу үшін шекті балл алдыңғы жылы 50-ден 60-қа көтерсек, биыл оны 70 балға дейін көтеріп отырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Хабар 24 телеарнасы