418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ 5 шілдеге дейін жалғасады

  • 191
  • UPD: 11:07, 21.06.2020
ҰБТ 5 шілдеге дейін жалғасады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ өткізу пунктінде болды.

Ол талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі.

Алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бірінші күні тек 6 512 талапкер емтихан тапсырады.

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық тестіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Әрбір аудитория кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады. Аудиториялар тек 35%-ға дейін толтырылған, әрқайсысында 10-18 адамнан.

Биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82% осы оқу жылының мектеп түлектері. Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12%-ға артып отыр.

Хабар 24 телеарнасы