426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Болашақ» стипендиясы бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді

  • 318
  • UPD: 12:40, 01.07.2020
«Болашақ» стипендиясы бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді

Елімізде пандемия кезінде «Болашақ» стипендиясы бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Коронавирустық инфекция пандемиясы кезінде «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарын қолдау шаралары бойынша бөлінген қаражат туралы.

2020 жылғы 28 наурызда «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Осылайша, мемлекет СOVID-19 пандемиясы кезінде бағдарлама стипендиаттарына жан-жақты қолдау көрсетті.

Атап айтқанда, оқуды аяқтай отырып, шекараның жабылуы және әуе қатынасының тоқтатылуна байланысты оқу елдерінде амалсыздан қалған 84 стипендиатқа 66,4 млн теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Олардың 45 адамы қазіргі таңда Қазақстанға оралды, ал қалған 39-ы жақын арада қайтуды жоспарлауда.

Сонымен қатар СOVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанға келген 147 стипендиат елімізде қашықтан білім алуда. Оларға 192,8 млн.теңге мөлшерінде шәкіртақы төленіп, 20,5 млн. теңге мөлшерінде оқу елінен Қазақстанға дейінгі әуе билеттері алынды.

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алуда.

 

 

Хабар 24 телеарнасы