426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ мұғалімдерді онлайн оқыту бағытын қолға алды

  • 513
  • UPD: 23:01, 17.07.2020
ҚР БҒМ мұғалімдерді онлайн оқыту бағытын қолға алды

Еліміздегі барлық мұғалім мен оқуын биыл бітірген жас мамандар арнайы курстардан өтетін болады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Жаңа бағыт бойынша әдістемелік курста IT сауаттылығын арттырады», - дейді ведомства басшысы.

Айта кетейік, қашықтан оқыту кезінде 250 мыңнан астам компьютер балаларға уақытша пайдалануға берілді. Бүгінде жаңа оқу жылына 36 мың жаңа компьютер сатып алынған.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Қашықтан оқыту форматы бойынша 3 категорияға көмек қажет. Бастауыш сыныптағы балалар, ерекше білімді қажет ететін балалар. Аз қамтылған балаларды айтатын болсақ, олардың тиісті құрылғыларға қолжетімділігі, жалпы интернетке қосылуы.

Хабар 24 телеарнасы