431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 59 мектепке видеокамера орнатылады

  • 232
  • UPD: 09:49, 30.07.2020
Семейде 59 мектепке видеокамера орнатылады

Семейдегі 48 мектеп күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Қазір білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы 80 процент.

Өңірдегі осындай 82 жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 335 млн теңге қарастырылған. Және республикалық қазынадан 792 млн теңге беріліп отыр. Соған сәйкес кейбір мектептердің спорт залы жөнделіп, шатыры ауыстырылады. Электр және жылу жүйесі жаңартылмақ. Ал 59 оқу орынына бейнебақылау камералары орнатылып, қауіпсіздік күшейтіледі.  

Валентина Шипилова, білім бөлімі басшысының орынбасары; 

- Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 98 млн теңге бөлінді. Ол қаржыға бейнабақылау камерасы алынып қалалық ауылдық жердегі мектептерге орнатылады. Қыркүейектің біріне дейін білім ордаларындағы өзге де жөндеу жұмыстары аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы