428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда дронға қарсы тұратын қару құрастырылды

  • 212
  • UPD: 22:51, 12.08.2020

Елімізде дронға қарсы қару жасалды. Бұл құрылғыны радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әзірлеген.

Мамандардың айтуынша, сапасы шетелдік нұсқаларынан едәуір артық. Бұл қарумен Үшарал гарнизонына барған Қорғаныс министрі танысты. Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ермекбаев зымыранды-артиллериялық қару-жарақ қоймаларын, авиациялық ату құралдарын, казармалар мен кластарды тексерді. Бұдан бөлек министр «Армия халықаралық ойындары» аясында өтетін «Танк биатлоны» сайысына қатысатын жауынгерлермен кездесті. Биыл қазақстандық команда осы сайыста ғана бақ сынайды. Қазір дайындық қызу. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Сіздердің дайындық деңгейлеріңіз Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Сіздер ең мықты командалармен сынға түсулеріңіз керек. Осындай жағдайларда қазақстандық танк мамандары арнайы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жеңіске деген ерік-жігерінің арқасында әрдайым жүлделі орындарға ие болады!

Хабар 24 телеарнасы