429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында оқушылардың жартысынан көбі қашықтан оқитын болады

  • 242
  • UPD: 09:15, 14.08.2020
Алматы облысында оқушылардың жартысынан көбі қашықтан оқитын болады

Алматы облысында биылғы жаңа оқу жылында оқушылардың 70 проценті, яғни 300 мыңға жуық шәкірт интернет желісі арқылы оқумен қамтылады.

20 пайызы республикалық және жергілікті телеарналар арқылы білім алады. Қалғандары штаттық режимде, сондай-ақ кезекші сыныптарда оқуын жалғастырады. Өңірге қосымша 76 мыңға жуық компьютер сатып алу туралы шешім қабылданды.

Амандық Баталов, облыс әкімі:

 – Облысымыз бойынша 426637 оқушының ішінде 88 проценті интернетпен қамтылған. 12 проценті интернет желісіне қосылмаған. Облыста 41625 педагог жұмыс істейді, барлық мұғалім компьютерлік техникамен қамтылған 100 пайыз. Штаттық режимде білім беретін мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталады. Бұл мақсатқа біз жергілікті бюджеттен 227 млн теңге қаржы бөліп қойдық.

Хабар 24 телеарнасы