426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Мектепке жол» аясында дәрігерлердің балаларына оқу құралдары тарту етілді

  • 128
  • UPD: 21:03, 24.08.2020
Оралда «Мектепке жол» аясында дәрігерлердің балаларына оқу құралдары тарту етілді

Оқу жылы қарсаңында елде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы басталды. Қайырымдылық науқанына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері де атсалысты. Оралдағы партия өкілдері биыл науқан аясында коронавирус инфекциясына қарсы күрескен дәрігерлердің отбасына көмек қолын созды. Сөйтіп, бүгін балалары бірінші сынып табалдырығын аттағалы отырған дәрігерлерге мектепке қажетті құрал-жабдықтар берілді.

Ақбота Захарова, қалалық көп бейінді аурухананың шаруашылық бикесі:

- Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз. Жолдары ашық болсын. Індет кезінде вируспен арпалысып жүрген медициналық қызметкерлерге де алғысымыз шексіз.

Мынатаубиік Әнесов, «Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы:

- Біздер енді көпсалалы аурухана қызметкерлеріне,  қалалықаурухана, сонда жұмыс істеп жүргендерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Енді алдағы уақытта қазір болып жатқан жаман вирустың беті қайтты. Енді еліміз аман, халқымыз тыныш болғай дейміз.

Саяси ұйым өкілдері Екібастұз қаласының медицина қызметкерлеріне де көмек қолын созды. Мектеп жасындағы балалары бар 10 ата-ана 20 мың теңгелік ақшалай сертификатқа ие болды. Бұл арқылы қаладағы сауда орындарының бірінен қажетті жабдықтар алуға болады. Жалпы «Ауыл» партиясы Екібастұз филиалының төрағасы, кәсіпкер Николай Арсютин аурухана ұжымын әрдайым қолдап келеді. Биылдың өзінде жеке қаражаты есебінен 2 миллион теңгеге қорғаныс құралдары, оттегі баллоны және медициналық препараттар сатып алған.

Хабар 24 телеарнасы