420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда мектептері жаңа оқу жылына қаншалықты дайын?

  • 166
  • UPD: 13:11, 25.08.2020

Жаңа оқу маусымының басталуына тура бір апта қалды.

Қазір еліміздің барлық мектебінде қызу қарбалас. Әсіресе, қалыптасқан жағдайға байланысты ерекше тәртіпте жұмыс жасауға тура келеді. Мәселен, елордадағы кезекші сыныптарға биыл 40 мыңнан аса бала келеді. Бұл қала бойынша бастауыш сынып оқушыларының жартысынан астамы. Осыған байланысты қазір білім ордаларына залалсыздандыру құралдары орнатылып, кабинеттер санитарлық талапқа сәйкес келтіріліп жатыр. Бірінші сынып оқушылары 30 минуттан оқиды. Арасында 10-15 минуттық қоңырау бар. Осы аралықта бөлме жуылады және желдетіледі. Бұған қоса, балаларға маска тағу міндетті. Мұғалімдер де медициналық маска тағып, қолғап киеді. Айта кетейік, кезекші сынып оқушылары аптасына 3 күн ғана мектепке келеді. Қалған күндері негізгі емес пәндерді онлайн үлгіде оқиды.

Сафура Төлекова, №76 мектеп-лицейінің директоры:

– Оқушылар бір уақытта мектепке кірмейді. Себебі көп адам шоғырланбауы керек. Қоңыраулар кестесінде де өзгеріс бар. Барлығы бір мезетте үзіліске шыпайды және мектепте негізгі пәндер ғана оқытылады. Қалғаны онлайн үлгіде.

Хабар 24 телеарнасы