426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Онлайн білім беру платформасы оқу жылына дайын

  • 287
  • UPD: 15:20, 27.08.2020
Онлайн білім беру платформасы оқу жылына дайын

Қашықтан оқитын оқушыларға Daryn.online платформасының көмегі зор, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019 жылдың қазан айынан іске қосылған білім беру платформасына қазірдің өзінде 2 миллион 700 мыңға жуық оқушы тіркелген. Қазір сала мамандары жаңа оқу жылына қызу дайындық жүргізуде. Білім платформасына дайындық сыныбынан бастап 11-сыныпқа дейін қазақша және орысша бейнесабақтар түсірілген. Оған тіркелу тегін. Ал, осы уақытқа дейін тіркелген оқушылар бұрынғы пароль және логиндерімен кіре алады. Оқу жылы басталғанда оқушылардың барлығы бір уақытта кіретіндіктен, платформаға үлкен салмақ түседі. «Сондықтан қазіргі таңда серверлік жұмыстар жүргізілуде», - дейді мамандар.

Асқар Мақсатұлы, Daryn.online платформасының негізін қалаушы:

- Ұстаздарға келетін болсақ, ол осы өзіміздің Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің және де Білім инновация лицейі, республикалық физика-математика мен қосымша бізде жас мұғалімдер де бар. Ол кісілер халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Қазір біз негізгі осы цехымызда видоесабақ түсіретін жердеміз. Күнделікті бізде алпыс видеоролик бір студияда түсіріліп өтеді. Және де біз осы қыркүйек айын толыққанда оқушыларға сапалы видео сабақтармен қамтамасыз ете аламыз деп айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы