431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда «Білім» тарифі іске қосылды

  • 211
  • UPD: 14:12, 10.09.2020
Қазақстанда «Білім» тарифі іске қосылды

Ұялы байланыс операторларымен меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тариф мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңыраулармен қатар отандық білім беру платформаларына қосылуға мүмкіндік береді. Қазірде 600 платформа жұмыс істеп тұр.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Қазіргі таңда еліміздегі 6459 ауылдық елді мекеннің 4946-сы ғаламтормен қамтылған. Жыл соңына дейін талшықты оптикалық жүйені 1250 шалғай ауылға орнату көзделіп отыр. Қыркүйек айында мобильді ғаламтормен 150 мекен қамтылды. Қазан мен желтоқсан айларында 677 аймақ 3G мен 4G пайдалана алады.

 

Хабар 24 телеарнасы