420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелде оқыған 2 мыңнан астам студент отандық ЖОО-ларға ауысты

  • 166
  • UPD: 10:59, 11.09.2020
Шетелде оқыған 2 мыңнан астам студент отандық ЖОО-ларға ауысты Kapital.kz

Шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған қазақстандық студенттер отандық жоғары оқу орындарына ауысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Студенттерге құжаттарды рәсімдеу барысында ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жеңілдетілген формат ұсынылды.

«Шетелдік жоғары оқу орындарының басым бөлігі қазақстандық ЖОО-лар сияқты оқу жылын қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып бастады. Алайда кейбір шетелдік ЖОО-лар өз студенттеріне қашықтан оқытуды жалғастыру үшін платформалар ұсына алмады», ­– деп мәлімдеді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сондықтан тамыз айының басында БҒМ оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмаған студенттерге көмек көрсете бастады. Алдын ала қабылданған шешімдердің арқасында 2 мыңнан астам қазақстандық студент отандық жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді. Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында арнайы жедел желі іске қосылып, құжаттарды қабылдау процедурасы жеңілдетілді.

Хабар 24 телеарнасы