424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚазҰУ ислам қаржысына оқыту бойынша үздік ЖОО деп танылды

  • 102
  • UPD: 01:09, 16.09.2020
ҚазҰУ ислам қаржысына оқыту бойынша үздік ЖОО деп танылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Global Islamic Finance Awards сыйлығына ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі жоғарғы оқу орны алғаш рет ислам қаржысына оқыту бойынша әлемдегі үздік мекеме атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі ең беделді Global Islamic Finance Awards марапаттарының бірін иеленді. Жетекші отандық жоғары оқу орны «Исламдық қаржыландыру бойынша білім беру қызметтерінің үздік дамушы провайдері» аталымында жеңіске жетті. Марапаттау рәсімі Исламабад қаласында онлайн форматта өтті.

Global Islamic Finance Awards марапаттары исламдық қаржы саласында үздік жетістіктерге қол жеткізген үкіметтерге, мекемелерге, мемлекеттік қайраткерлерге және ғалымдарға беріледі. 2014 жылы бұл құрметке Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ие болды. Оның бастамасымен біздің еліміз посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып бұл саланы дамыта бастады. Осыдан үш жыл бұрын елордада Астана халықаралық қаржы орталығы жұмыс істей бастады.

Университет бірегей ислам қаржысы орталығын ашты. Бұл осы салада жоғары білікті мамандарды даярлауға негіз болды. Жоба шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен және Астана халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асты. Орталықта биржалық трейдинг, техникалық талдау, қаржылық инженерия негіздері оқытылады. Ұлттық университет посткеңестік кеңістікте алғаш рет «Ислам қаржысы» мамандығы бойынша магистрлер мен PhD докторларын даярлай бастады.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы