432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді

  • 137
  • UPD: 16:08, 01.10.2020
Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді

Кеңестің басты міндеті – педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау, мұғалімдер құқықтары бұзылуының алдын алу, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бұл туралы брифинг барысында Білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментінің басшысы Бағымкүл Көптілеуова мәлімдеді.

«Осы жылдың тамыз айынан бастап пилоттық жоба іске қосылып, кеңес жұмысы басталды. Оның құрамына білім беру жүйесімен таныс беделді адамдар мен білікті мамандар кірді. Бүгінгі таңда ережелер, жұмыс жоспары мен отырыстар кестесі бекітілді», – деді Бағымкүл Көптілеуова.

ПӘК мүшелері Педагогтердің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде ҚР БҒМ сессиялық отырыстарының жұмысына белсенді қатысты. Қыркүйек айында Педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі кеңес елордалық бес білім беру ұйымының ұжымдарымен «педагог дауысы» ашық диалог форматында кездесулер өткізді. Іс-шара барысында мұғалімдер жағдайды жақсарту бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасатын болады.

«Елордалық педагогтер өз құқықтарын қорғау бойынша кеңес ала алады және кеңес мүшелеріне өз дауыстары жететіндеріне сенеді. Жұмыс басталғаннан бері өз құқықтарын қорғау бойынша көмек алу үшін бізге Нұр-Сұлтан мектептерінен он педагог жүгінді. Олардың мәселелерін шешіліп, көмек көрсетілді», – деп атап өтті спикер.

Сонымен бірге кеңес шағымдарды қарау бөліміне айналмауы керек деп баса айтылды. Кеңестің білім беру ұйымдары басшыларының есептерін тыңдауға, білім беру саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерін қарауға, мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат алуға, заң нормаларын бұзатын адамдарды лауазымнан босату жөнінде ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ Нұр-Сұлтан әкіміне жүгінуге құқығы бар.

Пилоттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерді еліміздің барлық өңірлік департаменттерінде құру жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы