429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевқа оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды

  • 223
  • UPD: 17:57, 02.10.2020
Қ.Тоқаевқа оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды Ақорда

Президентке Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында берілген тапсырма бойынша ақын шығармаларының он тілге аударылғаны жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұл жоба жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы 100-ден астам оқулық аударылған.

Кездесу барысында балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесіне,  білім берудің онлайн-платформасын дамытуға, сондай-ақ аударма және терминология салаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған мәселелердің маңызды екенін атап өтіп, мүдделі мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оларды пысықтауды тапсырды. 

Хабар 24 телеарнасы