420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұғалімдердің түрлі интернет-платформа қолданғаны қиындық туғызды

  • 131
  • UPD: 13:52, 05.11.2020
Мұғалімдердің түрлі интернет-платформа қолданғаны қиындық туғызды

Елордада бір сыныптың мұғалімдері әртүрлі интернет-платформаларды қолданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті оқушылардың онлайн-сабаққа қосылуы бойынша аздаған қиындықтар туындапты. Осыған байланысты ұстаздар қауымына қосымша семинарлар өткізілді. Қазіргі уақытта бас шаһардағы кез келген сынып өз таңдауы бойынша тек бір интернет-тұғырнама арқылы жұмыс істейтін болды.

Бұл туралы бүгін қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты. Жалпы сабақты қашықтан өткізу үшін елімізде көбіне отандық «Online Mektep» және «Daryn Online» жүйелері қолданылады. 79 мектеп алғашқысын таңдаса, 32 білім ордасы екінші платформаны құп көрген. 29 мектеп қос тұғырнаманы кәдеге жаратқан. Ал асинхронды сабақ өткізу үшін kundelik.kz порталы пайдаланылады.

Айта кетейік, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша қала мектептерінде 1-4 сынып аралығында барлығы 3011 кезекші сынып ашылды. Онда 40 мыңнан астам оқушы білім алды.

Шолпан Қадырова, қалалық Білім басқармасының басшысы:

– 1 сыныпта бағалау жүргізілмеді. 2-11 сынып оқушылардың жетістіктері формативті түрде 1-ден 10 балға дейін бағаланды. 5-15 қазан аралығында бөлім бойынша жиынтық жұмыстар жүргізілді. Ал 28 қазан мен 3 қараша аралығында тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілді. Оқу жылындағы ең қысқа екінші тоқсан 16 қарашада басталады. Екінші тоқсанда бір бөлім бойынша және бір тоқсан бойынша жиынтық бағалау өткізу жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы