423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда IТ саласының мамандары тегін оқытылады

  • 278
  • UPD: 17:49, 26.11.2020
Қарағандыда IТ саласының мамандары тегін оқытылады

Қарағанды облысы цифрлық технологияларды дамыту мен осы салада кадрлар даярлайтын ІТ-орталыққа айналуға ниетті.

Осы салада қызмет етіп жүрген қарағандылық «Терриконовая долина» хабы әлемге танымал ІТ-мамандарды Қарағандыға шақырып, 6 апталық ақпараттық-технологиялық тегін курс өткізбек. Оған әлемнің Google, Яндекс сынды танымал компанияларынан сарапшылар келеді. Бұл жергілікті осы салаға қызығушылығы бар жастардың біліміне жаңа леп беріп, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болмақ. Қарағандылық ІТ-хаб 5 жылда 10 мың маман даярлап шығаруды жоспарлап отыр. Атап өткен жөн, белсенді топ осыдан 2 жыл бұрын құрылған. Қазірдің өзінде олар елге танымал бірқатар мобильді қосымшаны, виртуалды сауда дүкендерін ашқан.

Александр Бондаренко, «Терриконовая долина» жобасының мүшесі:

– Қарағандыдан жақсы мамандар шығып жатыр. Бірақ олар бірден Алматы мен Нұр-Сұлтанға, реті келсе, шетел асып кетеді. Біздің мақсат: осы үрдісті тоқтатып, елде жақсы IT мамандардың тобын құру. Бұл өз кезегінде бизнестің жаңа моделін құрып, осында шетелдік компаниялардың инвестиция құюына ықпал жасайды. ІТ саланың болашағы бар екенін ұмытпау керек.

Хабар 24 телеарнасы