419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында коронавирус оқушыларға жиі жұғатын болған

  • 141
  • UPD: 20:50, 02.12.2020
Қарағанды облысында коронавирус оқушыларға жиі жұғатын болған

Қарағанды облысында оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді. Бүгінге дейін өңірде 109 оқушыдан дерт анықталса, оның 69-ы қашықтан білім алып жүргендер.

Қалған қырқы мектепте оқитын балалар. Қазір облыстағы 25 кезекші сынып карантинге жабылды. Дегенмен, мамандардың айтуынша, бұл өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ауруханаларда 133 адам ем қабылдап жатыр.

Юрий Залыгин, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Оқушылар бір мезетте коронавирус індетін жұқтырған жағдайда мектеп карантинге жабылуы мүмкін. Оқу жылы басталғалы бері облыс бойынша 2 мектеп толық карантинге жабылды. Бірі Бұқар жырау ауданында, мұнда бір мектепте 22 баладан індет анықталған. Екіншісі Нұра ауданында. Қазір екеуінде де карантин мерзімі аяқталып, жұмыс қалыпты жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы