424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда Абай есімді азаматтар онлайн конференция өткізді

  • 269
  • UPD: 09:39, 13.12.2020

Қарағанды облысында жүзге жуық азаматтың есімі ұлы Абаймен аттас. Олардың басым көбі қызметте абыройлы, бизнесте табысты, шығармашылықта жүйрік, оқуда озат.

Бүгін кенді шаһарда Абай есімді азаматтар бас қосты. Қазіргі ахуалға орай кейбірі конференцияға «онлайн» режимде қосылған. Олар өздеріне ұлы есімнің қойылу тарихымен бөлісіп, тағдырына қаншалықты әсер еткені жайлы сыр шертті. Бір қызығы «осы есімді арқалағандардың басым көбі оқу мен ғылымға құмартып өседі»- дейді жиналғандар. Оны жиынға қашықтықтан қатысқан Абай Құнанбайұлының ұрпақтары да растап отыр. Мысалы Абай Кәлімұлы ұстаздық жолды таңдаған. Отты жыРларымен өлеңге деген құштарлығының арқасында бірқатар байқауда басты орынды қанжылаған. 

Абай Кәлімұлы, Абай қаласының тұрғыны:

- «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын!?»-деп хәкімнің өзі жырлағандай, атымды Абай қойған соң Алла бойымызға ақындық қасиетте берген екен. Абай атына барынша кір келтірмеуге тырысамыз. Түрлі мүшәйраларда жүлделі орын алып жүргенім осы  Абай атымның өзіндік септігі бар деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы