425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ұстаз мүддесі кәсіподақ назарында» байқауы қорытындыланды

  • 478
  • UPD: 21:56, 14.12.2020

«Ұстаз мүддесі кәсіподақ назарында» атты журналистер арасындағы республикалық байқау қорытындыланды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының биылғы байқауына 120-ға жуық материал қабылданған. Соның ішінде елуі іріктеліп алынды. Әділқазы алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Жүлдегерлердің қатарында арнамыздың қос тілшісі Аслан Қаженов пен Қорған Төреқожа бар. Байқау жеңімпаздарын құттықтай келе салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева педагогтар игілігіне бағытталған қызметтері үшін БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді. Бүгінгі таңда салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 703 мыңнан астам мүшесі бар. Бұл елдегі ең ірі қоғамдық ұйым деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы