387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


14 мамыр күні елімізде ауа райы құбылмалы болады

  • 745
14 мамыр күні елімізде ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде найзағай мен жаңбыр сақталады, тек батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің күшеюі күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің күші 15-20 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай ойнайды. Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, күндіз жел күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы