387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


17 мамырда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

  • 521
17 мамырда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады horoskop.rozali.com

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады.

Оңтүстікте бұршақ болуы ықтимал, тек оңтүстік-батыста және республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы