360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

25 мамырда Астанада күшті жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал

  • 171
  • UPD: 19:23, 24.05.2018
25 мамырда Астанада күшті жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал Фото: inform.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 мамырда елорда аумағында кейде күн күркіреп, күндіз оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты қауіпсіздік шаралары жөнінде еске салады.

Қатты жел, найзағай және бұршақ кезінде мына ережелерді сақтау шарт:

– Күн райының дұрысталғанын мүмкіндігінше берік ғимараттың ішінде күтіңіз;

– Далада жарнамалық қалқандардан, орнықсыз құрылымдарды айналып өтіп, ағаш астында тұрмауға тырысыңыз;

– Көлігіңізді гаражға қойыңыз, гараж болмаған жағдайда, оны ағаштардан, берік орнатылмаған құрылымдардан алшақ жерде қалдырыңыз;

– Үйіңіздегі немесе пәтеріңіздегі есіктер мен барлық терезелерді мықтап жабыңыз;

– Автокөлікті басқара отырып, оны ыңғайлы жерге қоюға тырысыңыз. Найзағай ойнап, нөсерлі жауын кезінде жолда көру мүмкіншілігі нашарлайды, найзағай жарығы шағылысып, жүргізуші ЖКО-на себепкер болуы мүмкін;

– Найзағай кезінде су қоймаларының жанында жүруге, суда шомылуға, балық аулауға тыйым салынады;

– Ғимарат ішінде терезелерден алшақ жүріңіз, электр құрылғыларды қолданбаңыз;

– Төтенше жағдай туындаса, «112» номеріне қоңырау шалыңыз!

Хабар 24 телеарнасы