367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төрт облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

  • 610
  • UPD: 17:12, 14.10.2018
Төрт облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Ауа райына қатысты еліміздің 4 облысы бойынша ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжауынша, 15 қазанда дүйсенбі күні Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда облыстарында ауа райы күрт құбылады. 15-16 қазанда Ақмола облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Сондай-ақ Астана қаласында 15-16 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі. Ал 15 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 15 қазанда күндіз, 16 қазанда түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында ол 30 м/с асып кетуі ықтимал. Сондай-ақ Тараз қаласында 15 қазанда күндіз, 16 қазанда түнде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, кей уақытта 23-28 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде 15 қазанда таңертең және күндіз, 16 қазанда түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, 15-17 қазанда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

inform.kz

Осы категория бойынша: « Суық тию мен тұмауды қалай ажыратуға болады? Астанада көмір бағасы қандай? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы