377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мереке күндері Астанада қайда баруға болады

  • 1095
  • UPD: 15:17, 14.12.2018
Мереке күндері Астанада қайда баруға болады

Еліміздің бас қаласында Тәуелсіздік мерекесі кең көлемде тойланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүр бойынша 16 желтоқсан күні кешкі сағат 10:00-де Есіл жағалауы мерекелік отшашуға оранады. Ал қалалық әкімдік алдындағы алаңда қазақстандық өнер шеберлерінің концерті өтеді. Сондай-ақ мәдениет ошақтарында спектакльдер, көрмелер және өзге де думанды шаралар ұйымдастырылады. Қазірдің өзінде Тәуелсіздік сарайында ұлттық мерекеге орайластырылған «Еркіндіктің дастаны – Астана» фотокөрмесін, АЛЖИР мемориалды кешенінде «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты немесе бес комиссия мүддесі» деректі фильмін және Сәкен Сейфуллин музейінде «Тәуелсіздік таңы атты» көрмесін тамашалауға болады. Бұдан бөлек, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры мен Жастар және Қуыршақ театрлары көпшілікке сан түрлі қойылымдар ұсынбақ.

Хабар 24 телеарнасы