379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды

  • 581
  • UPD: 22:12, 24.12.2018
Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды youtube.com

Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазавтожол» ЖШС-на сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Серіктестік таратқан мәліметтерге қарағанда, Астана қаласы бойынша сағат 19:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз) Астана – Павлодар тас жолы барлық автокөлік түрлері үшін жабық. Ал сағат 20:00-ден бастап республикалық, облыстық және аудандық автожолдарда барлық бағытқа дизель жанармайымен жолаушы және жүк таситын көлік түрлеріне шектеу қойылды.

Ақмола облысында сағат 20:00-ден бастап республикалық, облыстық және аудандық автожолдарда дизель жанармайымен жолаушы және жүк таситын көлік түрлеріне барлық бағыт бойынша шектеу қойылды. 

Қарағанды облысында сағат 17:00-ден бастап Молодежный – Павлодар обл. шекарасы (Қызылорда – Павлодар а/ж 1066-1135 км) автожолының барлық бағыты бойынша жол жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 17:00-ден бастап республикалық, облыстық және аудандық автожолдарда барлық бағытқа дизель жанармайымен жолаушы және жүк таситын көлік түрлеріне шектеу қойылды.

Павлодар облысында сағат 19:00-дан бастап республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында көліктер үшін жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында сағат 17:00-ден бастап 25 желтоқсан күні сағат 08:00-ге дейін республикалық маңыздағы Омбы-Майқапшағай (667-587 км, Бесқарағай а.-Павлодар обл. шек.) автожолдары маршруттық рейстік жолаушылар тасымалдайтын көлік құралдарына, сонымен қатар дизельді қозғалтқышпен қамтылған автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Ал сағат 19:00-ден бастап республикалық маңыздағы Омбы-Майқапшағай (667-587 км, Бесқарағай автожолының Павлодар обл. шек.) автожолының учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық.

Хабар 24 телеарнасы