377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрылғыны қалай тіркеу керек

  • 583
  • UPD: 18:12, 27.12.2018
Құрылғыны қалай тіркеу керек Zakon.kz

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMEI-код + SIM-карта + тұлғаның ЖСН-і сызбасы бойынша абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Сондықтан азаматтар осы жылдың соңына дейін өз құрылғысын тіркеуі қажет», – деп хабарлаған болатын ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев. 

Яғни осы арқылы тіркеуден кейін әлдекімнің телефоны ұрланса, база арқылы оны кім пайдаланып жүргенін анықтауға болады. Базада құрылғының IMEI-коды ұрланған ретінде тіркеуде тұрса, байланыс операторлары да байланысты бұғаттауға мүмкіндік алады.

Мәлімет көзі: ҚазАқпарат

Хабар 24 телеарнасы