378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алдағы тәуліктерде 40 градусқа дейін аяз болады

  • 320
Елімізде алдағы тәуліктерде 40 градусқа дейін аяз болады ukrinform.ru

Қазгидромет 31 қаңтар-2 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Өзбекстанда шоғырланған оңтүстік циклоны алдағы тәуліктерде Қазақстанның орталық аймақтарына жылжып, республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс, орталық және солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауына әкеп соғады. Бірақ жылумен бірге қар, бұрқасын, күшті екпінді жел соғады. Оңтүстік-шығыста қар жауып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Ал циклонның артынан орталығы Карск теңізінде орналасқан суық антициклон келеді. Сондықтан жылы ауа райы қайта суытады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде ауа температурасы минус 35…40 градусқа дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы