377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады

  • 327
  • UPD: 12:10, 04.02.2019
Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 2019 жылдың 5-7 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Жайық аймағынан жылжып келе жатқан атмосфералық фронттармен және Қазақстанның басым бөлігіндегі оңтүстік циклонмен бірге қар жауу, бұрқасын, күшті ұйытқымалы жел, оңтүстік облыстарында тұман және көктайғақ күтіледі. Бірақ қар жауудан кейін Карск теңізінде орналасқан антициклонмен байланысты Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35-45 градус қатты аяз тудыратын болады. Суыту оңтүстік облыстарына дейін таралып, мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22-30 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы