378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 319
  • UPD: 14:04, 20.02.2019
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады? tacinskaya.ru

Синоптиктер 21-23 ақпан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

«Көктемгі процестерге тән барикалық құрылымдардың тез ауысуы ақпан айында байқалады. Өткен тәулікте қар жауып, боран, күшті батыс желдері және Қазақстанның басым бөлігінде жылу тудырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыды. Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік-батыс аудандарынан антициклон жылжып, онымен бірге жауын-шашын тоқтап және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бірақ ол ұзақ емес. Қазақстанға кезекті жауын-шашын мен жылу әкелетін келесі Атлантикалық циклон қалыптасып жатыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы