389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есіл өзеніндегі су деңгейіне байланысты ескерту жарияланды

  • 733
  • UPD: 14:34, 11.04.2019
Есіл өзеніндегі су деңгейіне байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне қатысты ескерту жарияланды.

«Есіл ауданы Покровка ауылында Есіл өзенінің бойындағы гидрологиялық бекетте су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Судың қауіпті деңгейінің көтерілуі күтілуде. Сағат 12:00-дегі нақты деңгей - 788 см. Қауіпті деңгей - 950 см (өзен арнасынан шығып кетеді). Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында Есіл өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Өзен арнасынан шығып кету бақылануда. Сағат 12:00-легі нақты деңгей - 1026 см. Қауіпті деңгей 780 см» делінген хабарламада.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы