378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ежелгі Грузия жерін жаудан қорғаған қазақтарға жергілікті халық құрметпен қараған

  • 468
  • UPD: 23:53, 19.04.2019

Грузиядағы негізгі монастырда қыпшақтардың бейіті бар. Осы Гелат кешенін тұрғызған Давид Төртіншінің жеке құрамы қыпшақ сарбаздарынан құралған.

Елді жаудан қорғаған жасаққа сол кездегі жергілікті халық құрметпен қарап, қаза болғандарын қасиетті мекеннің маңайына жерлеген. «Бабалар ізімен» экспедициясының Грузиядағы сапары барысында саяхатшылар бірқатар тың мәліметке қанықты.

Экспедиция Грузиядағы келесі сапарын Ахалцихе қаласындағы Рабат қамалын аралаудан бастады. Бұл шаһар  13-ғасырдың басында билік құрған Атабек түрік-қыпшақ мемлекетінің орталығы болған. Оны айғақтайтын археологиялық жәдігерлер қамал ішіндегі музейде сақтаулы тұр. Жебенің ұшы, садақ және қыпшақ жауынгерлеріне тән қылыш түрлері.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:

- 1257 жылдан 1587 жылға дейін 300 жыл осы арада біздің бабаларымыз жеке мемлекет болып тұрды. Міне мынау тұрған Ахиска қала немесе қазір Ахалцихе дейді Грузин бойынша. Ал мынау территория Түркияда қазір. Ал мынау Грузияның территориясы Енді оны біреу дұрыс деп жақтайды, біреу теріске шығарады. Өйткені Грузияның тарихында да Ресейдің тарихында да тарих деген нәрсе саясатқа байланысты өзгеріп тұрған.

Қамал маңында қошқар мүйіз бейнеленген бірнеше құлпытас та тұр. Бұл белгілер осы өңірде қазақтардың өмір сүргенінің тағы бір дәлелі. 

Георги Беридзе, әскери тарихты зерттеуші:

- Біздің музейде скифтер мен қазақтардың жауынгерлеріне тән жәдігерлер жетерлік. Өйткені олардың келуімен жеріміз жаудан азат болды. Патшаларымыздың жеке гвардиясының басым бөлігі қыпшақтар болған. Біз оны жақсы білеміз және қазақтарға құрметпен қараймыз. Кеңес одағы кезінде осы тарихи деректер бұрмаланып, қайта жазылды. Ал қазір біз өз тарихымызды тереңірек зерттеп, оны шынайы жазуымызға толық мүмкіндік бар.

Рабат қамалынан кейін экспедиция мүшелері өз сапарын Грузияның 23 патшасы жерленген көне кешенде жалғастырды. Мемлекеттің негізгі ғибадатханасы әрі мәдени орталығы саналған монастырь құрылысы 1106 жылы басталып, 1125 жылы аяқталыпты.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Жауына қарсы тұру үшін қыпшақтардың 40 мың отбасын көмекке шақырған Грузия патшасы Давид Төртінші дәл қазір біз тұрған Гелат монастырына жерленіпті. Ол өзін соғыста көп адамның өмірін қиып, күнаһар санағандықтан, қайтыс болғаннан кейін мүрдесін мына кешеннің кіре берісіндегі табалдыққа жерлеуді өтініпті.  Өйткені сол кездегі түсінік бойынша, бейіттің үстін адамдар басқан сайын оның күнәсі жеңілдейді екен. Сондай-ақ тарихи деректерге қарағанда  Давидке қолдау көрсеткен қыпшақ жауынгерлері де яғни біздің бабаларымыз да осы маңайға жерленген.

Тарихқа толы Грузия жерінде қазақтарға қатысты та жәдігерлермен етене таныстық. Ендігі біздің бағыт Әзербайжан елі. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Самат Бекбатыров

Хабар 24 телеарнасы