383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана LRT» тегін ауысып отыру қызметі қай жағдайда алынып тасталатынын түсіндірді

  • 351
  • UPD: 11:41, 12.06.2019
«Астана LRT» тегін ауысып отыру қызметі қай жағдайда алынып тасталатынын түсіндірді

«Астана LRT» компаниясы қала маңындағы маршруттарда қай жағдайда тегін ауысып отыру қызметі алынып тасталуы мүмкін екенін түсіндірді.

«Бізге қала маңы бағдарларының жолаушыларынан тегін ауысып отыру туралы сұрақтар келеді. Өздеріңіз білетіндей, қала маңындағы бағдарлар қала ішінде де жүреді. Бұл ретте қала ішіндегі сапарлар қалалық бағдарлар сияқты тарифтеледі. Сондықтан қала маңы бағдарында қала ішінде қалалық бағдардағыдай валидация өтеді. Егер де сіз қала маңында валидация жасап, қала ішінде тағы да валидация жасайтын болсаңыз, сізден тегін ауысып отыру қызметі алынуы мүмкін», – деп жазады «Астана LRT» Facebook парақшасында.

«Біз кейбір жүргізушілер автобустан түсер алдында тағы да валидация жасауды талап ететінін білеміз. Қала маңына қатынайтын бағдарлардың барлық жүргізушісімен қосымша инструктаж жүргізілгенін хабарлаймыз. Автобус жүргізушілері жолаушылардан валидацияны қайта жасауды талап етпеуі керек. Егер сіз жүргізушінің осындай талабына тап болсаңыз, жүргізушінің мәліметтерін бізге хабарлауыңызды сұраймыз», – деп хабарлады «Астана LRT» компаниясы.

Хабар 24 телеарнасы