386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 216
  • UPD: 14:25, 31.07.2019
Еліміздің екі облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 1 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін. 1 тамыз күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болып, ауа температурасы 36 градусқа жетуі ықтимал.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 1 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде толассыз жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады және дауыл болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ке жетеді.

Хабар 24 телеарнасы