384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескерту: еліміздің бірқатар облысында боран соғып, көктайғақ болады

  • 373
  • UPD: 09:41, 11.11.2019
Ескерту: еліміздің бірқатар облысында боран соғып, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында да көктайғақ болып, боран соғады.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда мен Жамбыл облыстарында жел соғып, тұман түседі.

Хабар 24 телеарнасы