386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 188
  • UPD: 23:48, 11.11.2019
Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

«12 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күтіледі. Петропавл қаласында 12 қарашада тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 күтіледі», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы