384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда №1 автобустың сызбасы өзгереді

  • 382
  • UPD: 11:32, 13.11.2019
Нұр-Сұлтанда №1 автобустың сызбасы өзгереді

«Astana LRT» компаниясы жолаушылардың автобус күту уақытын қысқарту үшін №1 қоғамдық көліктің кестесіне өзгерістер енгізді.

«Жолаушылардың автобус күту уақытын үнемдеу үшін бағдардың қозғалыс сызбасын өзгертуді жоспарлап отырмыз. 16 қарашадан бастап №1 бағдар Кенесары көшесі бойымен (Республика даңғылы және А. Бараев – Ш. Уәлиханов көшелеріне кірмей) жүреді. Бұл уақытты 20 минутке үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бұл ретте №3, 4, 4А, 20, 23, 25, 32, 48, 52, 70, 71 бағдарлардың сызбасы өзгеріссіз қалады

Хабар 24 телеарнасы