430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар ұйқысыздықтың пайда болуына әкелетін азық-түліктерді атады

  • 2093
  • UPD: 12:31, 14.12.2019
Ғалымдар ұйқысыздықтың пайда болуына әкелетін азық-түліктерді атады versiya.info

Колумбия университеті жанындағы дәрігерлер мен хирургтер коллеждінің зерттеушілері өз тағам рационы туралы айтып берген 50 мыңнан астам әйелдің мәліметтерін зерттеді.

Зерттеу нәтижесінде тазартылған көмірсуға бай қант, ақ нан және күріш сияқты азық-түліктерді көп тұтыну ұйқысыздыққа әкелетіні анықталды. Бұл тағамдар қандағы қант мөлшерін жоғарылататындықтан, ағза оны түсіру үшін инсулин бөледі екен. Бұл адреналин мен кортизол гормондарының көптеп шығарылуына, ал ол өз кезегінде ұйқының бұзылуына әкеледі.

Ғалымдар көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалануға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы