412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 795
  • UPD: 15:51, 20.12.2019
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы pixabay.com

Қазгидромет 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жарияланды.

Қазақстанға атлантикалық циклон үлкен жылу және дымқыл қорымен ығысады. Алдағы тәуліктерде циклонның алдыңғы бөлігінің және жылы фронттың әсерінен ауа температурасының жоғарылауы, қар жауу, бұрқасын, күшті екпінді жел, республиканың оңтүстігінде және шығысында жылбысқы қар және көктайғақ күтіледі. Келесі екі тәулікте циклонның және шығысқа суық арктикалық фронттың жылжуымен ауа температурасы төмендей бастайды, ал қар жауу және бұрқасын тек солтүстік облыстарында ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы