378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

  • 343
  • UPD: 14:18, 25.12.2019
26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың шығыс облыстарына Батыс Сібірден суық атмосфералық фронттар ығысады, ал оның артынан кезекті антициклон Карск теңізі аймағынан жылжиды.

Фронт бұрқасын мен қар жауу, ал антициклон күннің суытуына әкеледі. Ал Қазақстанның батыс бөлігінде Қара және Жерорта теңіздерінен атмосфералық фронттармен жылы және ылғалды ауа соғады. Сондықтан мұнда ауа температурасының көтерілуі, сондай-ақ жауын-шашын, тұман, көктайғақ, кей жерлерде күшті жел және бұрқасын көтеріледі.

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы