448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңажылдық отшашуды пайдаланғанда нені ескеру керек

  • 385
  • UPD: 16:54, 30.12.2019
<span class=favorites>Жаңажылдық отшашуды пайдаланғанда нені ескеру керек</span>

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі отшашуларды қолдану кезінде адамдар жарақат алып жатады. Қауіпсіздікті сақтай отырып, отшашуды қалай қолдану қажет?

Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының медицина саласындағы төтенше жағдайлар орталығының директоры Альберт Асқаров айтып берді. 

Маманның пікірінше, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде немесе қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамағандықтан адамдар жарақат алады. Мұндай жағдайлардан сақ болу үшін маман пиротехникалық бұйымдарды тек ресми сауда орындарынан сатып алу қажет екендігін ескертті.

Пиротехникалық бұйымдарды сақтау және қолдану кезінде Альберт Асқаров мына ережелерді ұстануға кеңес береді:

– пиротехникалық бұйымдарды құрғақ жерде, түпнұсқа орамада сақтау керек;  

– сондай-ақ оларды тез тұтанатын заттардың,  жылыту құралдарының жанында, ауа температурасы жоғары (30°С артық), ылғалды немесе өте құрғақ үй-жайда сақтауға тыйым салынады;

– оларды киім қалтасында, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы автомобильде тасымалдауға болмайды;

– пиротехникалық бұйымдарды қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде оқу қажет;

– қолданылатын бұйымдардағы от өткізгіш шнурды (стопин) алдын ала босату және түзету қажет;

– білтені (фитиль) күйдіру алдында бұйымның жоғарғы жағына және жанып жатқан элементтердің қайдан ұшатынына көз жеткізіп алу керек;

– фейерверк бұйымдарын пайдалануға дейін де, кейін де ешқашан бөлшектемеу керек.

Пиротехникалық бұйымдармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынады:

– пиротехникалық бұйымдарды отқа тастауға;

– пиротехникалық бұйымдарды үй-жайда қолдануға (бенгаль оттары, торт шырақтары, хлопушкалардан басқасын);

– жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға (бенгаль оттары, торт шырақтары, хлопушкалардан басқасы);

– пиротехникалық бұйымдарды ғимараттарға, ағаштарға, электр желілеріне және қауіпті аймақ радиусына жақын жерде пайдалануға;

– фитилді күйдіру кезінде, сондай-ақ пиротехникалық бұйымның жұмысы кезінде оған еңкейіп жақындауға;

– білтелер (фитиль) өшіп қалған жағдайда оны тағы бір рет тұтатуға;

– пайдаланылған пиротехникалық бұйымға оның жұмысы аяқталғаннан кейін кем дегенде 5 минут бойы жақындауға, еңкейіп қарауға болмайды.

Альберт Асқаровтың айтуынша, барлық пиротехникалық бұйымдар (петардалар, фейерверктер, салюттар, хлопушкалар және т.б.) міндетті түрде сертификаттауға жатады және олардың қолдану ережесі туралы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нұсқаулығы болуы тиіс. Ол пиротехникалық бұйыммен бірге берілуі керек. Сондай-ақ нұсқаулықта пиротехникалық бұйымдарды дайындаушы ұйымның (жеткізушінің немесе импорттаушының) атауы мен орналасқан жері міндетті түрде көрсетілуі керек.   

«Пиротехникалық бұйымдарды сатып алу кезінде орамаға назар аудару қажет, онда ылғалды жерлер, тесілген жерлер, түсініксіз немесе тек шет тілінде мәтін болмауы тиіс. Тауар белгісі бар пиротехникалық бұйымдарды сатып алған жөн, бұл өнімнің сапасына кепілдік береді», - деді маман.

Ақпарат көзі: ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы