375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша республикалық науқан басталады

  • 206
  • UPD: 10:47, 16.01.2020
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша республикалық науқан басталады

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 17 қаңтарда Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 17.01.2020 жылы сағат 15.00-де ОСО, ХҚКО-да «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ Қазақстан Республикасының кодексіне жаңа өзгерістері бойынша республикалық науқанын өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

«Науқан «Адалдық алаңы» ұранымен Қаржы министрлігі қызметінің қол жетімділігі мен ашықтықтығын насихаттау мақсатымен, «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақытылы жауап беру үшін өткізіледі», – делінген хабарламада.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 22-73-12, 22-73-17, 22-60-65 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы