376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

  • 201
  • UPD: 11:37, 23.01.2020
23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрынғыдай республиканың басым бөлігі Ресей және Скандинавианың солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Сондықтан көптеген облыстарда қар, бұрқасын, екпінді батыс желі соғып, солтүстік облыстарда желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ орнайды. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 5...8°С-қа, солтүстік облыстарында 8…13°С-қа жоғары сақталады.

Ақпарат көзі:«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы