432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неше жастағы адамдар смартфонға тәуелді – зерттеу

  • 985
  • UPD: 17:08, 29.01.2020
Неше жастағы адамдар смартфонға тәуелді – зерттеу

2000 және 2019 жылдар аралығында туған жастар, яғни Z ұрпағының өкілдері «интернеттің балалары» деп аталады.

Алайда 1980 және 1999 жылдары туған адамдар, яғни Y ұрпақтары мен 1960-1979 жылдары туған Х ұрпағының өкілдері смартфонға жастарға қарағанда өте тәуелді болып шықты.

Nielsen компаниясының зерттеулері 35 пен 49 жас аралығындағы америкалықтардың әлеуметтік желілерді 18 мен 34 жас аралығындағы адамдарға қарағанда 40 минут көп пайдаланатынын көрсетті.

Wired басылымының хабарлауынша, орта жастағы адамдар барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысады. Сондықтан олар интернет ұсынып отырған барлық мүмкіндіктерді, соның ішінде хабарлама жолдау, FaceTime, телефон шалу, электронды пошта қызметтерін қарқынды қолданады.

Сонымен зерттеу нәтижесіне сәйкес басшылық лауазымдарда қызмет атқаратын адамдардың көпшілігі – X ұрпағының өкілдері. Олар қызметкерлерінің хаттарына жауап беру үшін аптасына орта есеппен 72 сағаттарын жұмсайды екен.

Смартфон экранының түнгі режимі қауіпті.

Балаларға гаджет сыйламаған жөн – психолог

Аязды және суық күндері ұялы телефон сөніп қалмас үшін...

Wi-Fi адам денсаулығына зиян ба?

Ұялы телефон қандай жағдайда атылып кетуі мүмкін?

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы