424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі қызғылт түсті көлдер: таңғажайып құбылыстың сыры неде

  • 1284
  • UPD: 17:18, 03.02.2020
Әлемдегі қызғылт түсті көлдер: таңғажайып құбылыстың сыры неде

Әлемдегі қызғылт түсті көлдер ерекше көрікті орындар қатарына кіреді.

Көлдердің түрлі-түсті болуы – микроорганизмдердің тұзды сумен әрекеттесуінің нәтижесі. Шындығында әлемдегі қызғылт көлдердің барлығы тұзды болып келеді.

Австралияда мұндай бірнеше көл бар, сонымен қатар Оңтүстік Америка, Батыс Африка, Шығыс Еуропа, Мексика және Қазақстаннан да кездестіруге болады.

Табиғатының мұндай ерекшелігі бар жерлердің көбісі арнайы қорғауға алынған.

Қырым, Кояш көлі

Қырым түбегінде орналасқан бұл көл Опукским деп те аталады. Көлдің түсі жыл мезгілдеріне байланысты қызғылттан бастап қанық қызыл түске дейін өзгереді. Көктемде қызғылт түсті болса, ал жазда қанық түске ауысады.

Бұл көл жергілікті тұрғындардың арасында ғана танымал болып отыр.

Неліктен қызғылт түсті? Көптеген тұзды көлдер сияқты, оның құрамында күн энергиясын сіңіргенде қызғылт ақуызды шығаратын галобактериялар, микроорганизмдер бар.

Хиллиер көлі, Австралия

Хиллиер көлі Батыс Австралияның оңтүстік жағалауында Мидл-Айлендта орналасқан. Көл суы қызғылт реңкке ие. Ол эвкалипт орманымен және құммен қоршалған. Көптеген адамдар Хиллиердің түсінің өзгешелігін балдырлар мен галобактериялардың әсерінен деп есептейді. Бір қызығы басқа қызғылт түсті көлдер сияқты жыл мезгілндеріне қарай түсін өзгерпейді. Балдырлардың, архей және басқа микроорганизмдердің бойына байланысты жыл бойы қызғылт реңк беріп тұрады.

Дегенмен туристер көлдің қасына бара алмайды, тек әуеден ғана көру мүмкіндігіне ие.

Ретба көлі, Сенегал

Ретба көлі Сенегалдағы (Африка) Кап Вер түбегінің шетінде орналасқан. Құм төбелер бұл көлді Атлант мұхитынан бөліп тұрады.

Жергілікті тұрғындар Lac Rose деп атайды. Су құрамында тұз бар, оны кейде Өлі теңіздің тұздылығымен салыстырады. Мұндағы негізгі сала – тұз өндірісі. Жыл сайын 1000-ға жуық жұмысшы көлден 24 000 тонна тұз жинайды. Көлге бару оңай, өйткені ол Сенегалдың астанасы және экономикалық орталығы Дакардан 30 км жерде орналасқан.

Лас-Колорадас көлі, Мексика

Бұл көл Плая-дель-Кармен туристік қаласынан үш сағаттық қашықтықта орналасқан. Көл бета-каротинді синтездейтін микроорганизмдердің арқасында қызғылт түске ие. Ол Юкатан түбегінің шалғай бөлігінде орналасқан. Көлге жақын жерде тұз зауыты бар.

Қыс және көктем мезгілдерінде бұл аймақтан фламинго және пеликан сынды құстарды тамашалауға болады.

Торревьехе тұзды көлі, Испания

Қызғылт көл Испанияның Жерорта теңізінің жағалауында, Торревьеха қаласының жанында орналасқан. Ол теңіз бен екі тұзды көл арасында орналасқан.

Бұл көлдің суы денсаулыққа пайдалы болып саналады.

Натрон көлі, Танзания

Натрон көлі Африкадағы Танзанияның солтүстігінде орналасқан. Алайда көл өзінің түсімен ғана танымал емес.

Маңайындағы минералды бұлақтар оны натрий карбонатының көп мөлшерімен қоректендіреді. Сондықтан ол өлген жануарларды тас мүсінге айналдыра алады.

Лагун Колорадо, Боливия

Лагуна-Колорадо қызыл немесе қызғылт-қоңыр реңкке ие. Фламинго бұл жерде жиі кездеседі.

Хатт Лагун, Австралия

Хатт Лагун – Австралиядағы әйгілі көлдердің бірі. Жаздың ыстық  күндері көлдің көп бөлігі кеуіп кетуі мүмкін және топырақта тұз қабаты қалады. Жылдың ылғалды күндерінде де көлдің тереңдігі тек бір метрге жетеді.

Қызғылт түс каротиноидтар бөлетін балдырлардың әсерінен пайда болады. Басқа тұзды көлдер сияқты бұл жерден асшаяндарды көптеп кездестіруге болады.

Үлкен тұзды көл, Юта штаты

Оның тұздылығы мұхиттың тұздылығымен салыстырғанда 10 есе жоғары.Көлдің оңтүстік бөлігінде судың тұздылығы төмен.

Көбейтұз көлі, Қазақстан

Мұндай қызғылт түсті көлдің Қазақстанда да бар екенін бірі білсе, бірі білмес.

Көбейтұз көлі – Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан ірі көлдердің бірі. Ол қызғылт түсімен көпшілікті таңқалдыруда. Сонымен қатар оның емдік қасиеті де бар. Көлдің лайы мен тұзы – дертке шипа.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы