419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 565
  • UPD: 22:16, 06.02.2020
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтсақ, 7-9 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. 7 және 9 ақпанда жаяу бұрқасын болжанады.

7-8 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. 8 ақпанда желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

7 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады.

8 ақпанда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с құрайды.

8-9 ақпан күндері аталған өңірлерде түнде ауа температурасы -10-20 градусқа күрт төмендейді. 7-9 ақпан аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. 8 ақпанда желдің жылдамдығы 23-28 м/с артуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы