419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Синоптиктер: Күн күрт суытады

  • 594
Синоптиктер: Күн күрт суытады

Елімізде күн райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктер күн күрт суытады деп болжам жасауда. Мәселен, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы плюс 1 градусқа дейін көтерілген еді. Ал бүгін термометр бағандары минус он беске дейін төмендеді. Салдарынан қала көшелері көктайғаққа айналды. Аяз елдің солтүстігі мен орталығында да күшейе түсті. Ал Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жететіні туралы ескертілді. ІІМ-нің мәліметінше, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 27 учаскесінде қозғалыс шектелді.

Хабар 24 телеарнасы