424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус пандемиясы кезінде линза тағуға бола ма – мамандар кеңесі

  • 689
  • UPD: 17:38, 14.04.2020
Коронавирус пандемиясы кезінде линза тағуға бола ма – мамандар кеңесі

АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралия офтальмологтары COVID-19 пандемиясы кезінде көзілдірік немесе линза тағу туралы кеңестерін «Contact Lens & Anterior Eye» журналында жариялады.

Мамандардың кеңесін бес тармаққа біріктіруге болады.

Біріншісі. Пандемия кезінде көзге линза тағуға болады. Көзілдірік киетін адамдарға қарағанда линза қолданушылардың коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екені туралы нақты ғылыми дәлелдер жоқ

Екіншісі. Линзаларды қолданған кезде гигиенаны сақтау өте маңызды. Қолды мұқият жуу, линзаны тек құрғақ қолмен ұстау, сонымен қатар линзалардың дұрыс сақталуы мен күтімін қамтамасыз ету қажет. Линза сақтайтын қораптарды дезинфекциялап, ал көзілдірікті үнемі сабынды жылы сумен тазартып жуып тұрған жөн.

Үшіншісі. Қарапайым көзілдіріктің коронавирустан қорғайтыны миф қана. Оны растайтын ғылыми дәлелдер жоқ.

Төртінші. Көзілдірік немесе линза тағатын адамдар үшін қолмен бетін ұстамауы өте маңызды. Қолды мұрынға, ауызға және көзге тигізбеуге тырысу керек.

Бесінші. Вирус жұқтырған науқастардың линза қолдануды уақытша тоқтатып, көзілдірік киюге көшкені жөн. Толық емделгеннен кейін жаңа линзаны қолдануы керек.

Хабар 24 телеарнасы