417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар сәби өмірінің алғашқы айларында-ақ аутизмді анықтаудың әдісін тапты

  • 272
  • UPD: 10:46, 30.04.2020
Ғалымдар сәби өмірінің алғашқы айларында-ақ аутизмді анықтаудың әдісін тапты

Стенфорд медициналық университетінің ғалымдары аутизмнің ықтимал биомаркерін анықтады.

Сарапшылардың пікірінше, үш айға толмаған балалардың жұлын-ми сұйықтығындағы вазопрессин гормонының төмен деңгейі аутизмді көрсетуі мүмкін. Бұл туралы Stanford Medicine порталы жазды.

Ғалымдар зерттеуді медициналық мұрағаттар негізінде жүргізді. Сонымен, мидың инфекциясын болдырмау үшін өмірінің алғашқы айларында алынған балалардың жұлын-ми сұйықтығының үлгілері зерттелді.

Ғалымдар 913 жазбаның ішінен вазопрессинннің деңгейі төмен 11 науқасты анықтады. Кейіннен бұл балаларға аутизм диагнозы қойылды.

«Вазопрессиннің төмен деңгейі аутизмнің 9 жағдайының жетеуін дұрыс көрсетті», - делінген зерттеуде.

Ғалымдар жұлын-ми сұйықтығының үлгілерін іріктеу күрделі процедура екенін, әсіресе жас балаларда қиын болатынын айтып өтті.

Олар сондай-ақ вазопрессиннің балаларда болатын басқа жүйке-бұлшықет ауруларымен байланысын анықтау үшін жұлын-ми сұйықтығының үлгілерін әлі де зерттеуді жалғастырады.

Хабар 24 телеарнасы