411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді жаңа iPhone өнімдері құлаққапсыз шығады

  • 123
  • UPD: 12:28, 21.05.2020
Енді жаңа iPhone өнімдері құлаққапсыз шығады Reuters

Күзде шығады деп жоспарланған iPhone 12 смартфондарының жиынтығында тегін құлаққаптар болмайды.

Бұл туралы 9to5mac  Мин-Чи Ко инсайдерлік есебіне сілтеме жасап хабарлады.

Apple компаниясы 2020 жылдан бастап смартфондарын тегін құлаққаптармен бірге ұсынбайтын болды.

Мин-Чи Коның айтуынша, бұл Apple компаниясының AirPod құрылғыларын сатуды ынталандыруға бағытталған саясатымен байланысты болып отыр.

Сонымен бірге, есепте 2021 жылға дейін Apple жаңа сымсыз құлаққаптар шығармайтыны айтылған.

Хабар 24 телеарнасы